Пікірсайыс: алдымен экономика немесе саясат?
Қоғамда жиі талқыланатын тақырыптардың бірі, күні бүгінге дейін «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қағиданы ұстанып келдік. Осы бағыт қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?
Ерлан Сайыров, Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Шексіздік әлемінде ол бір соншалықты үлкен мерзім емес. Дегенмен де осы 30 жылдың ішінде біраз жетістікке жеттік. Оның ішінде кемшіліктер де болды. Оның себебі: қоғамымызда ешқандай бақылау болған жоқ. Сондықтан менің ойымша, егер де әрі қарай дамимыз десек, онда саясат бірінші орында тұру керек. Біз міндетті түрде саяси жүйені жасап, саяси ұлт деңгейіне шығуымыз қажет.
Соңғы реформаларды саяси үш бағытқа бөліп қарауға болады. Яғни қоғам мен билікті демократияландыру, саяси жүйені түбегейлі жаңғырту және құқықтық үстемдік орнату. «Алдымен экономика» дегенді келмеске кетті деп айта аламыз ба?
Қазбек Майгелдин, Қоғамдық даму институтының директоры:
- Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңес үкіметінің құлауының басты себептерінің бірі – жоспарлы экономика. Барлығы жоспармен болды. Жоспарды асыра сілтеу болды. Нәтижесінде экономикалық базистің құлдырауына әкеліп соқты. Одан кейін тәуелсіздік алдық. Ондағы мақсат нарықтық экономика болды.
Айбек Паяев, Парламент Мәжілісінің депутаты:
- Саяси жүйе алғашқы орында тұруы керек. Сапалы, жоғары деңгейде болса, экономикамыз өседі, халықтың жағдайы жақсарады. Саяси жүйеге аса мән беру керек.