Қазақстан ДСҰ-мен балық субсидиялары туралы келісімге қол жеткізді
Бұл туралы Президент қабылдауында болған Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі айтты. Бақыт Сұлтанов «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі мен Транскаспий халықаралық бағытындағы жобаларды іске асыру туралы да мәлімдеді.
Президент сыртқы сауданы жандандырып, шетел нарығындағы Қазақстан өнімдерін ілгерілетуді тапсырды және ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін негізгі азық-түлік тауарлары экспортын реттеу қажет екеніне баса мән берді.