12 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Болат Алтынбеков сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен 2010 жылдан бері іздеуде жүрген. Тергеу органдарынан жасырыну үшін өзінің тегін «Әлішер» деп өзгерткен. Бірақ Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен «Интерполмен» бірлесіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазір оны елімізге экстрадициялау рәсімі басталды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Болат Алтынбеков «Astana-Trade International» АҚ бас директоры болған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында «Eden Palace-2» және «Олимп палас 2» тұрғын үй кешенін салған.