Президент Еуроодақтың Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілімен онлайн-кездесу өткізді
Бұл туралы Президенттің Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен бейнебайланыс арқылы кездесуінде белгілі болды.
Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен көпжақты ықпалдастықты дамытуға мүдделі екенін, екіжақты стратегиялық ынтымақтастыққа тың серпін беруге дайын екенін жеткізді. Президент конституциялық референдум мен Әділетті Қазақстанды құру жолындағы реформаларға тоқталды.
Ал Тери Хакала Президентті референдумның сәтті өтуімен құттықтап, Брюссельдің Орталық Азиядағы жетекші серіктесі Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға бейілді екенін атап өтті. Еуропа Одағы біздің елмен көлік-логистикалық байланысты ниет білдіріп отыр.