Бүгін Ақордада Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев оларды еліміздегі дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді. Және түрлі бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруда мүмкіндіктер бар екенін айтып, Қазақстан үкіметінің қолдау көрсететінін жеткізді.
Аладдин Абдулсалам Лехуайк – Ливияның Қазақстандағы елшісі:
-Бүгін Қазақстан мен Ливия үшін ерекше күн деп есептеймін. Мен Қазақстан Президентімен кездесіп, оған сенім грамотасын табыстағаным үшін қуаныштымын. Екі елдің өзара қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосуға бар күш-жігерімді саламын.
Омар Ахмед Мұхаммед Мурад Әл-Кандари - Кувейттің Қазақстандағы елшісі:
-Осындай салтанатты шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Біздің мақсатымыз – Қазақстан секілді бауырлас мемлекетпен екіжақты байланысты тереңдету. Қазақстан Президенті бізді жылы қабылдады, мен үшін бұл үлкен мәртебе.