Президент «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталды қабылдады
Сондай-ақ өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға әділ еңбекақы төлеу, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелері әңгімеге арқау болды. Лакшми Миттал, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуық арада «АрселорМиттал» компаниясы Қазақстанға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құятынын, оның басым бөлігі өндірісті жаңғыртуға бағытталатынын жеткізді.