Парламент президентті бір рет қана 7 жылға сайлау жайлы заң жобасын қабылдады
Айталық, біздегі өзгеріс Израиль, Оңтүстік Корея, Франция мен Арменияның үлгісіне ұқсас. Бүгін мақұлданған заңда жаңа ережеге сай Президент болған тұлғаның қайта сайлануына тыйым салынатыны да нақты көрсетілген. Мамандар 7 жыл ауқымды жобаларды іске асыруға жеткілікті уақыт деп санайды. Бүгін қабылданған құжат аясында елорда атауын қайтадан Астана деп өзгерту, сондай-ақ конституциялық сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 6-дан 8 жылға дейін ұлғайту қарастырылды.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгін қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады. Еліміз демократияға қарай нық қадам басты.