Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумы өтті
Шараға 20-дан астам саяси ұйым мен бірлестіктер, мыңнан астам белсенді азамат қатысып, ұсынысты бірауыздан қолдады. Жиын барысында Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров сөз алып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа кандидат ретінде түсуін сұрады. Бұдан бөлек форум кезінде спортшылар, журналистер, депутаттар да сөз алып өз пікірлерін білдірді. Жиналғандардың ойы қазіргі әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайда тәуелсіз Қазақстанның тұтастығын сақтап, елімізді одан әрі дамыту жолында білікті, тәжірибелі көшбасшының қажет екендігіне саяды.
Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
-Біз мемлекет басшысының стратегиялық бағдарын қолдаймыз және оның реформаларын әрі қарай ілгерілетуге күш саламыз. Сондықтан халықтық коалиция президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынады! Алдағы үгіт науқаны кезінде президенттікке үміткердің кандидатурасын қолдау үшін коалиция негізінде республикалық қоғамдық штаб құрылады.