Хабар телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев ауыл тұрғындарымен кездесті

Сосын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталып, ауыл халқының сұрақтарына жауап берді. «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы да аз-кем мәлімет айтылды.

Мейрамбек Камалов, Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:
- Осы жиналысқа 80 шақты ауыл азаматтары және сайлаушылар қатысты. Нұрлан Сатыбалдыұлы өзінің үміткер ретінде сайлауалды бағдарламасымен және сайлаушылармен таныстырды. Жалпы кездесу өз деңгейінде өтті. Сайлаушылардың толық дерлік сұрақтарына жауап берілді.

Сондай-ақ Нұрлан Әуесбаев әйгілі батыр Есет Көкіұлының кесенесіне барып, рухына тағзым етті, құран бағыштады. Кандидат ертең Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездеседі. Жалпы сайлауалды бағдарламасы бойынша 50 астам іс-шара өткізу жоспарланған.