Хабар телеарнасы

Тоқаевтың штабы Алматы тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Оған 2 млн-нан астам қазақстандық қатысқан. Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттермен өткен кездесу барысында штаб мүшелері кандидаттың жастар саясатын жетілдіру жөніндегі басымдықтарына назар аударды. Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары саясаттанушылармен және сарапшылармен сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бөлімін талқылады. Осы күні шағын және орта бизнес өкілдерімен де кездесу өтіп, оның барысында кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі ұсынып отырған бастамалары туралы айтылды. Ал зиялы қауыммен кездесуде тарихи мұраны сақтау, отандық өнерді дамыту бойынша ұсынған шаралар талқыланды.