Президент айқындап берген міндеттерді іске асыру жолында ауқымды жұмыс күтіп тұр - Әшімбаев
Айтуынша, мемлекетіміз үшін аса маңызды кезеңде халық өз таңдауын жасап, дауыс берді. Отандық және халықаралық байқаушылар саяси науқанның ұлттық заңнамалар мен осы бағыттағы халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.
Мәулен Әшімбаев, Қр Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Жалпы бұл сайлау Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды. Енді алдымызда Президентіміз айқындап берген маңызды міндеттерді іске асыру жолындағы ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан бәріміз бірге сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген басымдықтарды табысты жүзеге асыруымыз қажет. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі еңбек етеміз деп сенемін.