Еліміз бойынша депутаттық мандатқа 55 депутат тіркелген
Саяси бәсеке барысында еліміздің 20 өңірінен 20 депутат сайланады. Үміткерлердің құрымына қатысты Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, әр орынға шамамен үш адамнан таласып жатыр. Яғни бәсеке бар. Депутаттық мандатқа еліміз бойынша 130 адам ұсынылып соның 64-і тіркелген. Енді 14 қаңтарда облыстық мәслихаттардың дауыс беруінен соң аймақ атынан кімдердің Сенат депуттаты атанатындығы белгілі болады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Осы 64 адамның ішінде төртеуі ғана қазіргі Сенаторлар. Оның өзі былтыр жаңадан құрылған облыстар содан келген Сенаторлар. Сол себепті осы 20 Сенатор жаңа адамдар болады деп айтуға толық негіз бар. Бұл енді жаңарудың белгісі. Қоғамда жаңа адамдарға деген сұраныс бар.