«Қазақстан Халық партиясы» сайлауалды бағдарламасын бекітті
Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданып, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітілді. Олардың қатарында Ирина Смирнова, Александр Милютин, Айқын Қоңыров сияқты азаматтар бар. Сонымен қатар бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынылды. Халық партиясы өкілдерінің айтуынша, олар социал-демократтық бағытты ұстанып отыр.
Серікқали Мұқашев, «Қазақстан Халық партиясы» төрағасының орынбасары:
- Осы социал-демократтық бағытты ұстана отырып, көбіне әлеуметтік мәселелерді көтереді. Өйткені партияның негізгі ұстанған бағыты – әлеуметтік жауапты мемлекет орнату. Ол енді мынау сайлау уақыты басталғаннан кейін оның барлығы айтылып, бағдарламамыз көпшілікке таныстырылатын болады.