Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығына 30 жыл толды
Сол уақыттан бері Одақ еліміздің ең ірі серіктесінің біріне айналды. Ел экономикасына 160 млрд доллардан астам инвестиция тартылды. Ынтымақтастықты арттыру мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Брюссельге ресми сапар жасаса, былтыр Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель Қазақстанға келді. Тараптар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін, жасыл экономика, көлік-логистика саласын дамытуды талқылады. Шарль Мишель еліміздегі реформаларға қолдау білдірді. Астана мен Брюссель ынтымақтастықты нығайта бермек. Биыл Астанаға Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия, Австрия басшылары - Франк-Вальтер Штайнмайер мен Александр Ван дер Беллен және Андорра премьер-министрі Ксавьер Эспот келеді деп жоспарланып отыр.