«AMANAT» партиясының мүшелері Түркістан облысында сайлаушылармен кездесті
Зиялы қауыммен болған жүздесуде рухани құндылықтар, ұлттық мәдениет пен шығармашылық адамдарын қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Партия төрағасы, мәдениет қайраткерлерінің қоғамдағы рөлін ескере отырып, партия тізімін жасау барысында әсіресе белгілі айтыскерлерді, жазушылар мен танымал журналистерді қосуға басымдық берілгенін атап өтті. Мұнан соң штаб Кентау қаласына ат басын бұрып, жергілікті жылу-электр орталығының ұжымымен кездесті. Онда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту және еңбек адамының мүддесін қорғау мәселелерді талқыланды.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Үлкен саяси дода басталды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолға алған реформаларының, соның ішінде негізгі саяси институттарды жаңғыртудың ең соңғы сатысы десек те болады. Сайлауалды науқанымызды біз осы қасиетті Түркістаннан бастайық деп отырмыз.