ҚХП кандидаттары Аналар құрылтайына қатысты
Көпбалалы және ерекше қамқорлықты қажет ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау аясын кеңейту. Қазақстан Халық партиясы Астанада өткен Аналар құрылтайында осы мәселеге көңіл аударды. Жалпы саяси ұйым өз бағдарламасында әлеуметтік салаға басымдық берген. Жиналғандарға соның жай-жапсары баяндалды. Құжатта алтын құрсақты аналардың мәртебесін нығайту, бала тәрбиесі, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындарын құру туралы айтылған. Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптамалардың жұмысын қайта қарау да назардан тыс қалмады. Жиынға қатысушылар ұсыныстарын ортаға салды.
Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ төрағасы:
- Әрине, елімізде көпбалалы аналарға көңіл бөлініп келеді. Бұл істі жетілдіре түсуіміз маңызды. Жалпы отбасы қазақ қоғамының асыл құндылығы екенін әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Бәріміз сол алтын ұядан шықтық. Сондықтан саяси өмірімізде көпбалалы аналар басты назарда болуы тиіс.