«Ақ жол» партиясы өңірлердегі үгіт-насихат жұмысын Алматыда жалғастырды
Олар еліміздегі ең ірі бірнеше өндіріс зауытын аралады. Жұмысшылармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. 1 жарым мыңнан аса адам еңбек ететін компанияда ашық диалог форматында кездесу өткізді. Зауыт жұмысымен танысып, алдағы үлкен саяси доданың мән-маңызын түсіндірді. Партия төрағасы бастаған кандидаттар тобы тамақ өнімдерін шығаратын ірі компаниялардың біріне де барды. Мұнда 2 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Партия өкілдерімен кездесуде олар ұсыныс-тілектерін жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.
Азат Перуашев, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы:
-Біз Алматыда еңбек ұжымдарымен кездесіп, оларға алдымен саяси бағдарламамызды түсіндіріп отырмыз. Екіншіден олардан да ұсыныстарды олар да көтеретін мәселелерді жинап отырмыз. Қазір міне қызу талқылау өтті. Маған ұнағаны біздің халқымыз, ұжымы өте белсенді екен.