«Ақ жол» демократиялық партиясы Алматыда үгіт-насихат жұмысын жалғастырды
Қала маңындағы мекемелерді аралап, теміржолшылар, ұстаздар, әртүрлі бизнес өкілдерімен кездесті. Партия Төрағасы Азат Перуашев жұртшылыққа ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарына жауап берді. «Ақ жолдықтар» үгіт-насихат кезеңі аяқталғанға дейін еліміздің барлық өңірін аралауды жоспарлап отыр. Партиялық тізімнен парламент мәжілісі депутаттығына 71 кандидат ұсынылған.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Біз міне Алматы локоматив депосына келдік. Алматыдағы теміржолшылармен сөйлесіп, олардың қазіргі жағдайы, олардың қазіргі проблемаларын талқыладық. Әрине, партиямыздың жүргізетін жұмысы қызметі жөнінде ақпарат бердік және де олар көтерген ұсыныстарды, сұрақтарды талқыладық, жауап беруге тырыстық.