«Ақ жол» партиясынан кандидаттар еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесті
Олар өздерінің сайлауалды бағдарламасының экономикалық бөлімін түсіндірді. Ауыл шаруашылығы саласының болашағын талқылап, пікір алмасты. Жиынға Агроөнеркәсіптік кешен қауымдастығы альянсының өкілдері қатысты. Кәсіпкерлер бірқатар сұрақ қойып, ұсыныстарын айтты. Кездесуде «Ақ жол» партиясы мен Альянс мүшелері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ақжолдықтардың үгіт-насихат жұмыстары еліміздің барлық өңірінде өткізіліп жатыр.
Азат Перуашев, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы:
-Қазіргі таңда «Ақ жол» партиясы сайлауалды науқанның ортасында келе жатыр. Біз барша аймақтарда осы еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, халықпен кездесуді өткізіп отырмыз. Қазіргі күні қол қойған меморандум идеясы да содан шықты.