«Ақ жол» партиясының кандидаттары Орал қаласына барды
Еліміз үшін экономикалық маңызы бар өңірдің өндірістік кешенімен танысты. Сапар барысында «ақжолдықтар» бірқатар жергілікті кәсіпорынды аралап, жиһаз цехы мен трансформатор зауытында болды. Ондағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Көпшілікті мазалаған сұрақтарға жауап берді. Сапар соңында партия өкілдері қаланың ең ірі сауда орталығына барып, кәсіпкерлермен кездесті. Пікір алмасып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
- Бұл жерде сауда айналымы өте дұрыс өсіп келе жатыр. Азық-түлікпен айналысатын компаниялар бар. Бұл жерде машина жасайтын компаниялар бар. Белгілі мына зенит сияқты ия. Бұл жерде мал ұстауға өте дұрыс.