ҚХП өкілдері Алматыдағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорынға барды
70 жылдық тарихы бар компания көпір және су өткелдеріне қажет темірбетон конструкциялар шығарумен айналысады. Бұл өнімдер елімізбен қатар Ресей, Беларусь және басқа да көрші мемлекеттерде үлкен сұранысқа ие. Партия өкілдері мекеменің техникалық жай-күйін өз көздерімен көріп, еңбек ұжымымен тілдесті. Оларға тұғырнама мазмұнын түсіндіріп, мамандардың біліктілігін арттыру, жалақы, еңбек қауіпсіздігі бойынша пікір алмасты. Кандидаттар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада да болды. Жиынға қатысушылар өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Мәдениет ошағының 3 мыңға жуық оқырманы бар.
Жаңаби Қожахметов, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Біздің мақсатымыз қаланың барлық сала өкілдерін қамту. Алдағы жоспарда университет, колледж студенттерімен кездесу, аурухана дәрігерлері медбикелермен кездесу. Осы күнге дейін қалада 10 мыңнан астам халықпен 130 астам кездесу өткізілді.