Respublica партиясы өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру жайын талқылады
Ақмола облысында жалғасқан сапар Көкшетау қаласынан басталды. Партия өкілдері Көкшетаудағы машина жасау зауытына табан тіреп, өз тұғырнамаларын таныстырды. Сайлаудың қоғамдағы маңызын түсіндіріп, бірқатар өзекті мәселені талқылады. Жиын барысында маңызды мәселелер турасында әңгіме өрбіді. Ал ауыл шаруашылығын дамыту жайлы тақырыптар жергілікті шаруа иелерімен кездесуде көтерілді. Бұл орайда ауыл шаруашылығына «жасыл» технологиялардың қажеттілігі аталды. Кейін партия өкілдері өңірдің іскер әйелдерімен кездесіп, бұрымдылардың бизнестегі рөлі жайында өз ұсыныстарын ортаға салды.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
-Біз Көкшетаудамыз. Бұл біздің он үшінші аумағымыз. Анау Жетісу өңірінен бастап, осы солтүстік өңірге келіп тұрмыз. Осы он үш аймақта біз бір миллионнан астам адаммен кездестік.