ЖСДП-ның Павлодар облыстық штабындағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр
Саяси ұйым мүшелері үгіт-насихатты жалғастыруда. Олар Екібастұз тұрғындарының көптеп шоғырланатын орындарында парақшаларын таратып, плакаттарын ілді. Сайлаушыларға сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Штаб басшысының айтуынша, науқанға 100-ге жуық волонтер жұмылдырылған. Мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде жүріп жатыр.
Ажар Сағандықова, ЖСДП Павлодар облыстық штабының басшысы:
- Облыс бойынша күніне 2-3 мыңға жуық үгіт парақшаларын арнайы тақтайшалар мен көпқабатты үйлердегі хаттама жәшігіне орналастырамыз. Барлығы сайлау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сайлауалды бағдарламамыз бен жалпы науқанның маңыздылығын түсіндіреміз.