Сайлаушыларға бірнеше түсті бюллетень беріледі
Елімізде алдағы саяси науқанда дауыс беруге құқылы 12 млн 152 мың 876 сайлаушы тіркелді. Енді бюллетень осы электроттар санынан 1% артық дайындалып, сайлау учаскелеріне жеткізіледі. Саяси науқанда дауыс берушілерге бірнеше түсті бюллетень беріледі. Мысалы, Парламент Мәжілісіне партиялық тізім бойынша көгілдір түс белгіленсе, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау бюллетенінің бланкі жасыл түсті. Ал партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бюллетеньдері қызғылт, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сарғыш және сұр түсті болады.
Думан Жампейісов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:
- Бюллетеньдер сайлау учаскелеріне 3 күннен бұрын емес және 1 күннен кеш емес жеткізу керек. Яғни сайлауға 3 күн қалғанда, 2 күн қалғанда, кем дегенде 1 күн қалған кезде сайлау учаскесіне жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейін, яғни 18 науразыдың сағат кешкі 18:00-ге дейін кез келген азамат басқа елді мекенге кететін болса, есептен шығару куәлігін алады. Есептен шығару куәлігін алған кезде ол қай елді мекенге бара жатқанын анықтайды сайлау комиссиялары.
Есептен шығару куәлігі де түрі-түсті болады.