«AMANAT» партиясының өкілдері Маңғыстау облысында Амал мерекесіне қатысты
Іс-шара «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің алаңында өтті. Партия төрағасы Ерлан Қошанов жиналғандарды мерекемен құттықтап, Амалға арнайы шақырғандары үшін ризашылығын білдірді. Мерекеге орай 50-ге жуық киіз үй тігіліп, меймандарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Жиналғандар концерттік бағдарламадан бөлек, ат спорты ойындарын, балуандар күресін және басқа да ұлттық спорт түрлерін тамашалады.
Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:
- Бүгінгі мемлекетіміздегі болып жатқан оң өзгерістер былтыр Президентіміз тура осы амал күндері жариялаған жолдаудан басталды. Барлығыңызды осы ұлы мерекемен құттықтаймын. Амалдан амалға аман сау бәріміз жетейік. Бәріміз бірге болайық, бір болайық, еліміздің болашағы үшін, еліміздің тұрақтылығы үшін, еліміздің халықымыздың болашақ бақытты өмірі үшін бәріміз тілеу тілейік.