Respublica партиясы Маңғыстау обылысының жұмысшыларымен кездесті
Respublica партиясының үгіт-насихат жұмыстары Маңғыстау облысында жалғасып жатыр. Бүгінгі жүздесулер сауда үйлерінен басталды. Партия өкілдері қаладағы бірнеше базарды аралап, саудагерлермен сөйлесті. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанға қатысуға шақырды. Сондай-ақ республикашылар мұнай-газ өндрісімен айналысатын кәсіпорынға бас сұқты. Жұмысшылармен пікір алмасып, өндіріс саласындағы мәселер жайын талқылады. Амал мерекесімен тұспа-тұс келген кездесулерде партия өкілдері көпшілікке жылы лебіз білдіріп, сәттілік тіледі.
Нұржігіт Нұрболатұлы, Respublica партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы:
- 13-14 наурызда Маңғыстау өңірінде болып, осы жерде сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше Отпан-тауға барып, ақсақалдармен, халықпен, елмен көрісіп, амандасып келді. Барлығы екі күннің ішінде шамамен 2 мыңға жуық адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.