Сенат: жер қатынастары цифрланады
Сенатта жерді тиімді пайдалану мен оны цифрландыруға қатысты заң жобасы 78 тузетуден кейін қабылданды. Енді кадастрлық карта дайындалады. Жер учаскесі немесе жылжымайтын мүліктер туралы ақпараттар электронды форматқа көшеді. Тиісінше, рәсімдеу қызметтері, мониторинг жұмыстары да онлайн жүйеге ауысады. Бұл құжаттарды тексеруге жұмсалатын уақытты 1 жылдан 1 айға қысқартуы мүмкін. Мәулен Әшімбаев: «Бұл заң жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді», – дейді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Осы заң арқылы жер учаскесіне құқықты электронды түрде беру тәртібі айқындалады және жалпы осы саладағы мемлекеттік саясаттың ашық болуы қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта заң жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыруға және олардың тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз.