ҚХП дәрігерлермен кездесті
Қазақстан Халық партиясының Республикалық үгіт-насихат штабы Алматы облысына барды. Кезекті шара Қонаев қаласындағы көпсалалы ауруханада өтті. Мұнда ересектер мен балалар бөлімі және перзентхана бар. Сондай-ақ жергілікті емхана да осы мекеме базасында жұмыс жасайды. Олар қаладағы 74 мың халыққа медициналық көмек көрсетуде. Кандидаттар мекеменің қазіргі жай-күйімен танысып, ұжымымен кездесті. Мұнда қазір 600 адам еңбек етеді. Қоғамдық ұйым мүшелері дәрігерлерге өздерінің тұғырнамасын түсіндіріп, тілектерін тыңдады. Халық партиясы саяси науқан басталғалы Алматы облысында 200-ге жуық кездесу ұйымдастырыпты.
Юрий Шиллинг, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:
- Біз түрлі еңбек ұжымымен кездестік. Өңірде өндіріс жақсы дамыған. Сол зауыттарда да болдық. Облыс орталығын жаңғырту мәселері бойынша сайлаушылармен өзара пікір алмасудамыз.