18 наурыз – тыныштық күні
Яғни Мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлауына түсетін кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Ал жалпы осы бір ай ішінде Мәліжіс депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталғалы сайлау туралы заңды бұзудың 23 дерегі анықталды. Оның ішінде 12 жағдай тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізуге қатысты. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. Айтуынша, анықталған оқиғалардың барлығы жіті тексеріліп, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Үгіт жұмыстарын заңсыз, яғни кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар жүргізген. Біз оларды жауапқа тарту үшін Орталық сайлау комиссиясының келісім алдық. Сот әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енгеннен соң тиісті округтың сайлау комиссиялары олардың тіркеуінің күшін жойды.