Хабар телеарнасы

Қ.Тоқаев: Қасиетті кітаптар қорғалуға тиіс

Сондай-ақ Мемлекет басшысы құран сынды қасиетті кітаптың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуы керектігін айтты. Бұған дейін бірнеше елде құран өртелген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеяның сессиясында: «Әлем мінберінен мұндайға енді жол бермеу керек»,— деді. «Біз Бас хатшы ұсынған «Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін» қолдаймыз. Бұл стратегиялық құжат, әлемде белең алған сенімсіздік пен өшпенділікке қарсы тұруы керек. Қазақстан келесі жылы өтетін Болашақ саммитінде, Болашақ пактісін қабылдау ісінде сындарлы және қолдаушы рөлін атқарады. Бірақ қару-жараққа тыйым салумен немесе декларацияға қол қоюмен ғана бейбітшілік орнамайды. Бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда дінаралық және конфессияаралық диалог маңызды рөл атқарады»,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.