6 ақпан Италияда XXV Қысқы Олимпиада ойындары басталады

  • 590
  • 02.02.2026, 22:00

Жаһандық жарыста Қазақстан намысын 10 спорт түрінен 36 отандасымыз қорғайды. Олар бас аяғы 100-ге жуық лицензия иеленген. Олимпиаданың ашылуында көк туымызды шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл могул шебері Аяулым Әміренова ұстап шығады. Денис 4-ші, Аяулым 3-ші Олимпиадасына қатысқалы отыр. Ақ Олимпиаданың ресми ашылуы Милан төріндегі Сан Сиро стадионында өтеді. Қазір Олимпиаданың алауы Италияның Ломбардия қаласына жетті. Айта кетейік, үздіктердің үздігі бақ сынайтын дүбірлі доданы қазақстандық көрермен «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.