Ертең Астана төрінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол жерде алғаш рет Санжар Тәшкенбай бақ сынайды және дегеннен WBA ASIA вакантты чемпиондық белдігіне таласады. Яғни әуесқой бокста барлық биікті бағындырып, екі дүркін әлем чемпионы атанған жерлесіміз енді кәсіпқой бокстың шыңына шықпақ. Жекпе-жек алдында Санжар жанкүйерлерімен кездесіп, ашық жаттығу өткізді. Айта кетейік, оның қарсыласы аса тәжірибелі филиппиндік Нил Джакомос. Ол кәсіпқой рингте 8 кездесу өткізіп, 7-еуінде жеңіске жеткен. Қос мықты аса жеңіл салмақта, яғни, 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады. Ал кездесудің өзі 10 раундқа созылады.