Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Көшпенділер ойындары: Қазақстан 2 алтын медаль жеңіп алды

  • 2417
  • 02.09.2026, 19:44

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды. 

Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осылай Қазақстан құрамасы аталған байрақты бәсекеде алғашқы алтындарына қол жеткізді. Ал таяқ тарту сайысынан Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 3-орынды иеленді.