Елімізде тау-шаңғы спорты саласындағы мамандықтарға 350 грант бөлінбек. Кадр даярлау Алматы тау кластері мен Almaty Super-ski жобасын дамыту негізінде қолға алынды. Ол үшін кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде арқанды жол инженерлері, көтергіш механизм механиктері, тау-шаңғы трассалары мен қар жасау жүйелерінің кадрлары оқытылады. Маман даярлауда экологиялық талаптар да ескерілмек. Жұмысқа зоология, геология, гидрология және топырақтану саласының сарапшылары тартылады. Олар ғылыми деректер мен қауіпсіздік талаптарын ескеріп, тау инфрақұрылымын дамытпақ. Бұдан бөлек, Алматы тау кластерін дамыту қысқы спорт түрлерімен шектелмейді. Жыл бойы спортпен айналысу, шаңғы мектептерінің жұмысын кеңейту мен кәсіби нұсқаушылар даярлауға мүмкіндік беретін инфрақұрылымды қалыптастыру көзделіп отыр.