+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Олимпиаданың қола жүлдегері Елдос Сметовті халық қошеметпен күтіп алды

  • Категория: Спорт
Олимпиаданың қола жүлдегері Елдос Сметовті халық қошеметпен күтіп алды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдо шебері Елдос Сметов елге оралды. Ол мінген ұшақ Алматыға 27 шілде таңғы 05:00-дің шамасында қонды.

Күллі Алаштың мерейін асырған жерлесімізді туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері, эстрада жұлдыздары сән-салтанатымен қарсы алды. Ал спортшыға қолдау білдірген жанкүйерлері оған ерлігі үшін көлік сыйлады.

Елдос Сметов, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері:

 - Олимпиада өте жақсы өтті. Қуаныштымыз. Осындай жетістікке қол жеткіздік, Аллаға шүкір. Өте қуанышты сезімдемін. Сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Сондай-ақ...