31 мамыр – Саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданды. Ал 1997 жылы жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болды. Содан бері ел тарихындағы ең азалы кезең туралы жазылды, зерттелді. Алайда біз біле бермейтін ақтаңдақтар әлі де көп. Студия қонақтары:1. Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты2. Ерлан Сайлаубай, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Абай академиясы» ҒЗИ директоры3. Бүркітбай Аяған, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары4. Сұлтанхан Аққұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры 5. Арайлым Мұсағалиева, тарих ғылымдарының докторы, профессор