×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 152

Қоғам

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі жайлы халық қалаулылары пікір білдірді

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі жайлы халық қалаулылары пікір білдірді

«Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегі – егемен еліміздің энциклопедиясы. Сондықтан оны дәуірнама деп атауға толық негіз бар», – дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Ал Ассамблея атынан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық келісімнің бірегей моделі бүгінде әлем елдеріне үлгі екенін айтуда. Өз еңбегінде Президент мұны тәуелсіздіктің ең басты табыстарының бірі деп бағалайды. «Ел тарихымен қатар келешектегі даму мүмкіндіктері қамтылған туынды ел ертеңіне бейжай қарамайтын кез келген оқырман үшін құнды», – дейді халық қалаулылары.

Дархан Мыңбай, ҚХА Төрағасының орынбасары:

– Бұл дәуірнаманың Қазақстанның тарихын, еліміздің негізін қалап, мемлекетті орнықтырған адамның өз атынан баяндалғаны кез келген адамға әсер етеді. Және Қазақстанның өз жолымен келе жатқанын, «қазақстандық жол» деген ұғымның астарын ашып көрсетумен құнды, бағалы деп ойламын.

Шаймардан Нурумов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Бұл тек кітап емес, бұл – Қазақстан экциклопедиясы. Еліміздің фундаменті қалай қойылғаны, 26 жылда қандай деңгейге жеткеніміз баяндалған. Ұрпақтан ұрпаққа қалатын энциклопедия.

Last modified on