«Бүгін» бағдарламасында көпбалалы жалғызбасты анаға пәтер кілті табысталды
Келіншек – үшінші топтағы мүгедек. Бір баласы сөйлей алмайды. Тағдыры ауыр отбасының жай-күйіне «Хабар» арнасы бей-жай қарай алмай, ақпараттық қолдау көрсетті. Бағдарламаға шақырылған қонақтардың бірі эфир кезінде логопедке сертификат табыстады. Тартудың үлкені Манзура Бошановаға қайырымдылық қоры атынан берілген пәтер кілті болды.
«Бүгін» бағдарламасы эфирге шыққалы әлеуметтік жағдайы төмен үшінші отбасы студияда баспаналы болып отыр.