Хабар телеарнасы

Болашақ журналистер «Хабар» Агенттігінің жұмысымен танысты

Болашақ журналистер «Хабар» Агенттігінің жұмысымен танысты

«Хабар» Агенттігі «Журналистика: аналитика және тергеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.

Телевизиялық өндірістің студиялары орналасқан «Қазмедиа орталығы» бойынша экскурсия білім беру мақсатында ұйымдастырылды. «Хабар» Агенттігі мен M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti студенттерге теориялық білімдерін қолдана отырып, мамандықтың қыр-сырын меңгеруге көмектесетін практикалық сабақтар алу үшін жағдай жасау міндетін алға қояды.

Экскурсиялық бағдарлама аясында болашақ журналистерге телевизиялық өмір әлеміне кіруге мүмкіндік берілді. Студенттер «Хабар» телеарнасындағы «Ояң!» таңғы шоуының түсірілімінде болып, «Хабар 24» арнасының Қазақстандағы алғашқы және жалғыз роботтандырылған жаңалықтар студиясының жұмысымен танысты және түрлі бағыттағы мамандармен әңгімелесті.

«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтып берді. Мысалы, «Негізінде…» атты бағдарламаның жүргізушісі Бірлік Нұрмаш студенттерге бірден тележүргізуші болуға ұмтылмай, алдымен «қалам шеберлігін» меңгеруге кеңес берді. Тележүргізуші Динара Саду дикцияны дамыту үшін қызықты жаттығуларды көрсетті, ал тілші Әмір Сәменбетов журналистің «дала» жұмысы туралы айтып берді.

Студенттерге кадр сыртындағы қызметкерлердің әдеттегі жұмыс күні қалай өтетіні және олардың міндеттеріне не кіретіні туралы білу қызықты болды. Кездесуге қатысушылар теледидар көру үлесі, рейтинг және жаңалықтар орналасуы сияқты телевизия саласындағы ұғымдар туралы сөйлесе алды.

«Хабар» Агенттігі мен M.S. Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti арасындағы ынтымақтастық тұрақты негізде жүргізілетінін, оның шеңберінде студенттерге арналған оқыту дәрістері өткізіліп, оларды Агенттіктің телеарналарында тағылымдамадан өтуге тарту көзделгенін атап өту қажет.