Хабар телеарнасы

Коронавирусты жеңген алғашқы ел анықталды

Коронавирусты жеңген алғашқы ел анықталды

Бұл туралы High North News мәлімдеді. Белгілі болғандай, 4 сәуірден бастап Гренландияда коронавирус жұқтырған бірде-бір жағдай тіркелмеген. Ал бұған дейін COVID-19 жұқтырған 11 адам індеттен толық айығып шыққан.

Осы уақытқа дейін елде 900 адам тестілеуден өткен, себебі 16 наурызда вирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Премьер-Министр Ким Кильсен жаңа жағдайлар тіркелмесе, жуық арада ел астанасы Нуукты ашу туралы шешім қабылдамақ. Әзірге Гренландия – коронавирусты ешбір өлім-жітімсіз жеңген алғашқы мемлекет.