Хабар телеарнасы

Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

Беларусь елде індеттің барын әлі де жоққа шығаруда

Адамдар көп жиналатын орындар, соның ішінде кейбір шіркеулер мен монастырлар әлі жабылмаған. Пасхада көптеген адам вирустың иконаны сүю арқылы берілетініне сенбей, ғибадатханаға барған.

Соңғы мәліметтер бойынша Беларусьте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 мың адамнан асты. Айта кету керек, бұл елде карантин режимі енгізілген жоқ.