АҚШ Қытайға қарсы шектеулер әзірлеп жатыр
Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады. Алдын ала мәліметке сай, қазір бұл жобаны Ақ үй, мемлекеттік департамент және Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің өкілдері талқылап жатыр. Кей ақпаратқа қарағанда, шектеу Қытайдың халық-азаттық армиясы әскерилері мен олардың отбасыларына да қатысты болмақ. Сарапшылардың пайымынша, Құрама Штаттардың бұл қадамына ресми Бейжің қарымта жауап қайтаруы мүмкін.
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Дональд Трамп Гонконг ісіне байланысты Қытайға қарсы санкция қолдану туралы заңға қол қойды.