АҚШ-тағы қазақстандықтар үшін ана тілін үйрету курсы ашылды
Қазақ тілі сабағы аптасына бір рет балалар мен ересектерге өтеді. Балаларды қызықтыру үшін сабақ 3 бағытта беріледі. Олар — сөйлеу дағдысы, грамматика және ел тану. Мұхиттың аржағына түрлі себеппен қоныс аударған отандастарымыз ұрпағы ана тілін ұмытып қала ма деп қорқатынын айтады. «Балабақша, мектеп — ағылшынша, ата-анасы орысша сөйлетін балалар түп тамырынан тез алыстап жатыр»,— дейді олар. Әзірге балалар қазақша әріптерді дыбыстап, қарапайым сөздерді меңгеріп жатыр. Наурыз мейрамына қарай мұғалім бір-бір өлең жаттатуды мақсат етіп отыр.