Сирияның солтүстігінде жер сілкінісі құрбандарының саны 1 мың 600-ден асты
4 мыңдай адам жарақат алған. Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін. Зардап шеккендер туралы ақпарат сағат сайын жаңарып жатыр. Ауруханалар лық толған. Жергілікті ақпарат құралдары Алеппо қаласында үйінді астында сәби дүниеге келгенін хабарлады. Нәресте аман қалды. Ал анасын құтқару мүмкін болмаған. Елдің солтүстігінде кей жерлер үкіметтің бақылауында емес. Сол себепті жергілікті халыққа жәрдемдесу қиынға соғып отыр. Сарапшылар зілзала аймақтағы онсыз да қиын жағдайды тіпті нашарлатып жіберуі мүмкін деп ескертті.