Хабар телеарнасы

Қазақстан-Тәжікстан сауда-саттық көлемі соңғы бес жылда 60% артқан

Бұл туралы екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен бизнес форумда айтылды. Қазір арадағы сауда айналымы 1,4 миллиард долларға жетіп отыр. Оның жартысынан көбі қазақстандық тауарлардың экспорты болса, қалғаны тәжікстандық өнімдердің үлесінде. Еліміз ол жаққа бидай, ұн, күнбағыс майы, жеңіл және жүк көліктері мен теміржол локомотивтерін жөнелтсе, Тәжікстаннан бізге көкөніс пен жеміс және тау-кен концентраттары әкелінеді. Осы келісім-шарттар қайта жаңартылып, жалпы сомасы 2 млрд долларға жуықтайтын 40 шақты құжатқа қол қойылды.