Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазды. «Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», – деді Президент. Сондай-ақ Мемлекет басшысы оқушылар мен студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
«Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр». Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін. Пандемия мектептер мен ЖОО-дағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл – уақытша құбылыс», – деп жазды Президент.