Астанада жасанды интеллектке негізделген жаңа жобалар таныстырылды

  • 60
  • 17.07.2025, 18:54

Астанада жасанды интеллектке негізделген бес бірдей жаңа жоба таныстырылды. Оларды Назарбаев Университетіндегі Зияткерлік жүйелер мен жасанды интеллект институтының мамандары әзірлеген. Жаңа жобалар қатарында: қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін интеллектуалды ассистент, сөйлеуді тану және аудару жүйесі, тікелей субтитр жасайтын қосымша мен ұлттық нақыштағы суреттер генераторы бар. Сондай-ақ интернетке қосылмай жұмыс істейтін дербес сервер де әзірленді.

Мамандар: «Бұл бастамалар Қазақстанның тілдік, мәдени және технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған», - дейді. 

Ербол Абсалямов, Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының атқарушы директоры:

- Жылдың аяғына дейін біздің жоспарымыз – мультимодалдық модель жасау. Яғни ол аудиомен де, мәтінмен де, суретпен де, видеомен де жұмыс істей алады. Басты ерекшелігіміз – қазақ тілінде. Біздің модельдер қазақстандық өнім. Яғни ол Қазақстанда қандай өнімдер бар, қандай бір құндылықтар бар, салт-дәстүрлер бар, бәрін есепке алады.