Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысында өзекті мәселе талқыланды. «Енді дипломы бар жұмысы жоқ» деген заман артта қалуы тиіс. Елімізде Техникалық және Кәсіптік білім беру жүйесі ауқымды өзгеріске ұшырайды. Бұл сала енді экономиканың кадрлық қажеттілігін нақты қамтамасыз ететін негізгі институт ретінде қалыптасуы тиіс. Бұл бір есептен кәсіпорындарға кадрлар болса, оқу бітірген түлектер үшін кепілді жұмыс орны. Бүгін Үкіметте кәсіптік техникалық білім берудің қазіргі жайы май-шаммен қаралды.
Қазір еліміздегі колледждердің 27-де оқу бағдарламалары халықаралық талаптарға сай болса, келесі жылы ондай оқу орындарының саны 30-ға жетеді. 15 мыңға жуық оқу бағдарламасы жұмысшы біліктілігі бағытымен тағы 20 талдаумен толығады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің жалпылама бүгінгі жағдайына келсек, 763 колледж жұмыс істеп тұр. Олардың 435-і мемлекетке тиесілі болса, 328-і жеке меншікте, оларда жиыны 556.2 мың студент білім алып жатыр. Оның ішінде 393 мыңнан астамы мемлекеттік тапсырыспен оқиды. Мемлекет тарапынан саланы қаржыландыру соңғы3 жылда 34% артып, 425 млрд тг жуықтады. Түлектерге келсек, өткен оқу жылының қортындысына сәйкес 90 мыңнан астам студент мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Жалпы екі қолға бір күрек тапқан түлектер саны 113 мыңға жуықтады7
Жұмысқа орналасқандар арасында тігінші және аспаз мамандықтарына сұраныс 80% жуық екен. Әсілінде қазір экономиканың ауқымы өсіп, салалалардың дамуында серпіліс байқалады. Сондықтан техникалық-кәсіби Білім беру саласы да үлкен серпіліске сұранып тұрғаны анық.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Ендігі міндет осы мүмкіндіктерді еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беретін нәтижеге айналдыру, осы мақсатта 2025-2027 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялаудың жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Оның негізгі бағыттары кадр даярлауды экономикалық сұранысына бейімдеу, бизнестің қатысуын кеңейту, Білім беру мазмұнын жаңарту және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру болып отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы жаңғыртылуы тиіс. Заман көшінен қалмау үшін заманауи орта және жағдай жасалуы шарт, елде 143 мемлекеттік колледждің материалдық-техникалық базасы сын көтермейді. Жұлдыз Сүлейменова ханым сүйінші жаңалықпен бөлісті. Еліміздің 11 өңірінде 13 жаңа заманауи колледж салынады. Ал қазіргілерін талапқа сай ету міндетіне мемлекеттен бөлек жұмыс берушілер де тартылып, 174 колледж керек-жарақпен жабдықталса, жер қойнауын пайдаланушылар 13 оқу орнын оңдауға ат салысқан.
Қазір колледж студенттері 43 мың теңге стипендия алады. Әлбетте ол қай жыртықты жамауға жетеді деген сұрақ туындайды. Бірақ, оған жақсы шешім бар. Ол дуалды білім беру жүйесі деп айта аламыз. Былтырғы оқу жылынан бастап алсақ қазір е колледждерде 135 мың студент дуалды негізде білім алып жатыр. 552 арнайы орта Білім беру мекемесі осы бағытта кәсіпорындармен ықпалдастық орнатты.
Дуалды оқыту жүйесі бір оқпен екі қоянды ататын тамаша мүмкіндік, Бұл оқу орнындағы теорияны кәсіпорындағы тәжірбиемен ұштастырып қана қоймай, еңбекке араласып айлық алуға жол ашады. Студенттер колледж қабырғасында 40% уақытын ғана өткізсе, қалған мезет кәсіпорында өтеді. Айталық көлік құрастыру зауытында жастар 350 мың тг дейін жалақы алады. Бұл жүйеге елімізде 18 мыңнан астам кәсіпорын қатысып отыр. Олардың қабырғасында тәжірбиеден өткен студенттердің 70% астамы диплом алған бойда бірден жұмысқа орналасады.
Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:
- Мемлекет экономика үшін кадрлар даярлаудың негізгі буыны ретінде кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріп отыр. + 11:02 – Қаржыландыру көлемі колледждердің мүмкіндіктеріне емес, экономиканың кадрларға деген нақты қажеттіліктеріне сай айқындалуы керек. Бұл ретте түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілуге тиіс.
Кәсіптік техникалық Білім беру орындарының 70% астамы 40 жыл бұрын салынды.. Ірі инфрақұрылымдық жобалар құрылысы табалдырығында тұрмыз. Президент айтпақшы «еліміз ірі құрылыс алаңына айналады». «Соның аясында инвесторлар колледждерге де көз қырын салулары керек» деген идеяны ол қолдады. Ал Олжас Абайұлы қадау қадау тапсырмаларды айта келе бір нәрсені қадап айтты: Кәсіби білім мен дағдыларды меңгерем дейтіндер үшін бірінші кезекте таңдалуы тиіс орта колледж болуға тиіс.