Хабар телеарнасы

Түркістан облысында 33 мектеп салынады

1-сыныпқа өтініштерді қабылдау бүгін аяқталады. Түркістан облысы еліміздегі оқушылары саны ең көп өңір. Мұнда биыл 51 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттайды. Аймақта 1 мың 275 мектеп, 515 мың оқушы бар. Облыстық білім басқармасының дерегінше, қазір облыста 33 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы биыл, алтауы жаңа оқу жылында ел игілігіне беріледі. Сондай-ақ 20 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Бұдан бөлек, 8 апатты, 9 үш ауысымды мектеп бар.

Бауыржан Ахметов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Біздің облыста 63 «Жайлы мектеп» салынғалы жатыр. Соның 29-ы биыл басталады. Ендігі жылы бітеді. Осы арқылы үш ауысымды және апатты мектептердің 4-ін биыл шешеміз. Қалған мектептерді 2025 жылға дейін толық шешеміз деп жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, апаты мектеп деген ол құлайын деп тұрған мектеп емес, саманнан салынған мектептер.