Майнұр Бөрібаева ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүр
Елімізде ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген әйелдер қауымы аз емес. Солардың бірі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Майнұр Бөрібаева. Ол үш бағыт бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді.
Көне жазба ескерткіштеріндегі түркі сөздерінің түрлі ұлттың тіліне ену тарихы. Майнұр Бөрібаеваның негізгі ғылыми ізденісі осы бағытта жалғасын тауып келеді. Бұдан бөлек филология ғылымдарының кандидаты балалар әдебиетінің психологиясын да зерттеумен айналысады. Қат-қабат ізденістермен қатар ерікті ретінде де игі бастамаларды қолға алған. Соның бірі – «Дәуір және тұлға» атты жобасы.
Майнұр Бөрібаева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры:
-Қазақстанның беделді ғалымдарын, олардың еңбектерін дәріптеп, әлемге таныстырып жатырмыз. Өйткені бұл іс-шараларда тек қана өзіміздің студенттер, әріптестер, сол саланың мамандары емес, шетелден де қосылып, бірлесіп жасаған шараларымыз бар.
Аталған жоба аясында соңғы 10 жыл көлемінде 30 астам ғалымның еңбегін қайта басып шығарып, кітапханалар қорын толықтырған. Бұл ерікті бастама болғандықтан, қаржыландырылмайды екен. «Майнұр Бөрібаева қазір Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметін атқарады. Ол ғылыми жобаларға қаржы көзін табу бойынша іскерлік танытты», - дейді әріптестері.
Нұрбол Аппазов, химия ғылымдарының кандидаты, профессор:
- Жалпы бағдарламалық нысананы қаржыландыру бойынша біздің университетіміз ең алғашқы рет тарихта қаржы алды деп айтып өттім. Соның ұтып алуына осы Майнұр Әбілтайқызының өзінің үлесі өте жоғары болды. Қазіргі таңда сол жобаның аясында 750 млн теңгеге жоба ұтып алып, енді Қызылорда облысында кәріз суларын тазартып, өсімдіктерді суаруға пайдалану бойынша біз жұмыстарымызды атқаратын боламыз.
«Ел ғалымдары өзекті әрі маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл жас буынға үлгі болуы керек. Ол үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдау тетіктері қарастырылған. Сондықтан жас ізденушілер ғылым жолына батыл қадам жасауы керек деп әрдайым студентерге ақыл-кеңес айтудан жалықпаймын», - дейді ғалым.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев, Айтмұхамбет Байділдаев